Орталық Азия аймағында бірқатар іс-шара өтеді
Қазақстанда ҰҚШҰ күштерінің «Мызғымас бауырластық-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Бұл туралы ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы, генерал-полковник Андрей Сердюков мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
«Биыл негізгі бірлескен оқу-жаттығу шараларының қатарында қыркүйек-қазан айларында Орталық Азия аймағында ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету: Қырғыз Республикасының аумағында ҰҚШҰ жедел әрекет ету ұжымдық күштерімен командалық-штабтық оқу-жаттығулар, «Өзара іс-қимыл-2024» барлау күштері мен құралдарымен арнайы оқу-жаттығуы «Іздестіру-2024», ҰҚШҰ әскерлерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету күштері мен құралдарымен «Эшелон-2024» арнайы оқу-жаттығуын өткізу жоспарланып отыр», - деді Сердюков.
Оның айтуынша, Тәжікстанда Орталық Азия аймағының ұжымдық жедел күштері қолбасшылығымен жедел кеңес және «Рубеж-2024» бірлескен оқу-жаттығуы жоспарланған.
Ережеге сәйкес, оқу-жаттығулардың белсенді кезеңдерінде бақылаушылар ретінде ҰҚШҰ-ға кірмейтін басқа мемлекеттердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.