Алматы облысында парашют спортынан ХХХ ашық чемпионаты басталды

Қарулы күштер мен Қазақстанның парашют спортынан құрама командалары жасақталады

Ұлас Үсенбай
02/08/2023 - 18:20

Парашюттік даярлық орталығында жеке-командалық біріншілікте классикалық парашют спортынан Қазақстан Республикасы мен Қарулы күштердің чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, аталған сайысқа Десанттық-шабуылдау әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, 32039 әскери бөлімінің, Ұлттық ұланның, «Отан» республикалық қоғамдық бірлестігі аэроклубының, авиациялық өңірлік спорт федерациясы, Қарағанды қаласының авиациялық-құтқару парашюттік орталығының командалары қатысады. Барлығы 14 команда, оның ішінде халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, спорт шеберлері мен спорт шеберіне кандидаттар, разрядты спортшылар бар.

Жеке есепте Қазақстанның әр өңірінен 13 қатысушы бағын сынамақ, олардың ішінде үшеуі – қыз бала.

Жарысқа қатысушылар 900-1200 метр биіктен дәл қону жеке және топтық секірулерді, одан бөлек 2200 метр биіктен жеке акробатикалық секірулерді орындайды.

Чемпионат қорытындысына сәйкес Қарулы күштер мен Қазақстанның парашют спортынан құрама командалары жасақталады. Нәтижесі 2023 жылдың 5 тамызында шығады.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41