Украина үшін 60 миллиард доллар қарастырылған
АҚШ Сенаты Украинаға, Израильге және Тайваньға 95 миллиард АҚШ доллары көлемінде көмек пакетін мақұлдады. Осыған дейін демократтар мен республикашылар бұл тақырыпта бірнеше айдан бері дауласып келген. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сенатта қолдағандар саны – 70, қарсы болғандар – 29. Заңды қабылдау үшін қажетті 60 дауыстың қажетті шегінен өтті.
Пакетте Украина үшін 60 миллиард доллар, Израильдің ХАМАС-қа қарсы соғысына 14 миллиард доллар, қақтығыс аймақтарында, оның ішінде Газа секторында гуманитарлық көмекке 10 миллиард доллар қарастырылған. Сол сияқты Қытайдың агрессиясын болдырмау үшін Тайваньды қоса алғанда, Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы АҚШ серіктестерін қолдауға 4 миллиардтан астам доллар жұмсалады.