Сәтпаев қаласының әкімі пара алды деген күдікке ілінді

Ол қала әкімі болып 2023 жылдың қаңтарында тағайындалған

Sarbaz.kz редакторы
14/02/2024 - 18:22

Фото: Сәтбаев әкімдігі

Фото: Сәтбаев әкімдігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтпаев қаласы әкімінің ұсталғанын растады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтпаев қаласының әкімі ҚР ҚК 366-б. 2-б. бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растайды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген Антикор хабарламасында.

Айта кетейік, Әубәкір Шапағат 2023 жылдың қаңтарында Сәтпаев қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Тегтер

×

Редакция

$ 491.71  529.97  5.05