Әскери колледж кадеті өзіне оқ атып, мерт болды

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды

Sarbaz.kz редакторы
14/02/2024 - 05:58

Фото: Sputnik

Фото: Sputnik

2024 жылдың 13 ақпанында Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжінде 1 курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеуге кірісу барысында бекітілген қарудан өзіне оқ атып, мерт болды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.

«Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады»,-делінген хабарламада.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41