Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

Демалушылардың кіруін шектеу үшін блок-бекеттер қойылды

Sarbaz.kz редакторы
13/02/2024 - 23:42

Фото: artfile.ru

Фото: artfile.ru

ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ Алматы тауларында көшкін қаупі бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Жауын-шашынның мол жаууына, қар жамылғысының едәуір өсуіне және тау баурайындағы тұрақсыз жағдайына байланысты, «Қазгидромет» РМК-ның Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндері бойынша көшкін қаупі туралы дауылды ескертуі негізінде, 13-14 ақпан аралығында «Аюсай» бөгеттен жоғары «Шымбұлақ – Мыңжылқы бөгеті» автожолындағы «Эдельвейс» көшкін жинау ауданындағы және «Алматы қаласы-Космостанция» автожолындағы көшкін қаупі аймағына автокөліктердің, халықтың және демалушылардың кіруін шектеу үшін блок-бекеттер қойылды», - делінген хабарламада.

Қазселденқорғау мамандары алдағы күндері тауға шықпауды, әсіресе таулардың қарлы беткейлеріне шықпауды ұсынады.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85