Ресейде диверсия жасамақ болған Қазақстан азаматы ұсталды

Ол 9 сәуірге дейін қамауға алынды

Sarbaz.kz редакторы
13/02/2024 - 23:16

Фото: Sputnik

Фото: Sputnik

Ресейдің Ленинград облысындағы газ тарату станциясы аумағында құбырды жарып жібермек болған Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Санкт-Петербург соттар қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі РИА агенттігіне сілтеме жасап.

«Санкт-Петербургтің Дзержинский аудандық соты қылмыс жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Сергей Зазулиге қатысты 9 сәуірге дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы ұйғарым шығарды. Ол Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің «Саботаж» және 222.1 «Жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылардың заңсыз айналымы» заңдарын бұзғаны үшін күдікке ілінді», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Күдіктінің айтуынша, құбырды жарып жіберіп, зақымдауы керек болған.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85