Казиноға шамамен 400 млн теңге салып жіберген: алаяқ бухгалтер небәрі 5 жылға сотталды

Сот үкімі заңды күшіне енді

Sarbaz.kz редакторы
13/02/2024 - 22:57

Фото: Depositphotos.com / lacheev

Фото: Depositphotos.com / lacheev

Астана тұрғыны құмар ойындарға ақша жұмсау үшін алаяқтық жолға түсіп, салдарынан сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Sarbaz.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кінәлі әйел ЖШС-ның бухгалтері бола отырып, мекеме иелеріне шет елге тиімді инвестициялар салу туралы жалған айтып, оларды алдау арқылы 385,9 млн теңгеден астам қаражатын иемденген.

«Сотталған адам ұрланған ақшаның басым бөлігін казинода ұтылған. Іс бойынша қатысқан мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды ақылға шақыра отырып, теріс бейімділікке бармауды ескертеді», - делінген прокуратура хабарламасында.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91