Қытайдың бұрынғы елшісі: АҚШ бізді тұзағына түсіре алмайды

Ол Қытай мен Тайвань бірігетінін айтты

Sarbaz.kz редакторы
13/02/2024 - 22:29

Фото: Liu Jie / Xinhua / Global Look Press

Фото: Liu Jie / Xinhua / Global Look Press

Америка Құрама Штаттары Қытайды Тайвань мәселесі бойынша прокси соғыста тұзаққа түсіруге тырысып жатыр. Бұл туралы Қытайдың АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Цуй Тянькай мәлім етті, деп жазады The China South Morning Post газеті.

«Америка Құрама Штаттары Тайваньды қару-жарақпен белсенді түрде қамтамасыз етіп жатыр. Алайда, Қытай Тайваньдағы прокси соғыстың тұзағына түспейді. Бірақ аралмен қайта қосыламыз. Одан басқа жол жоқ», - деді ол.

Тайваньдағы жақында өткен президенттік сайлау туралы айта отырып, Цуй бұл процесті «Қытайдағы жергілікті сайлаулар» деп атады.

Өз сөзінде Азия-Тынық мұхиты елдері аймақтағы шиеленістің күшеюін тоқтатуы керек, кері жағдайда алдағы онжылдық қауіпті болуы мүмкін деді. Ол Қытайдың сыртқы саясаттағы басты басымдығы Америка Құрама Штаттарымен қарым-қатынасы екенін атап өтті.

Айта кетейік, қаңтар айында Тайваньда өткен президенттік сайлауда билеуші ​​демократиялық прогрессивті партияның кандидаты және қазіргі вице-президент Лай Циндэ жеңіске жетті. Жеңіске жеткеннен кейін ол «Тайваньды Қытайдан қорғауға дайын екенін мәлімдеді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91