Ол бүгінге дейін Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді
Дмитрий Малахов Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, Дмитрий Михайлович 1974 жылы 27 тамызда Ақмола облысы Көкшетау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1991-1995 жж. — ҚР ІІМ-нің Алматы жоғары мектебін, 2003-2005 жж. Т.Рыскұлов атындағы экономика және қаржы университетін бітірген.
Еңбек жолы: