Әзербайжан мен Армения шекарасында тағы да қақтығыс болды

Арменияның екі әскери қызметкері қаза болды

Sarbaz.kz редакторы
13/02/2024 - 17:57

Фото: Армения Республикасы Президентінің кеңсесі

Фото: Армения Республикасы Президентінің кеңсесі

Әзербайжан қарулы күштері Сюник ауданындағы Неркин Ханд ауылы маңында орналасқан армян позицияларына оқ атты, деп хабарлайды Sarbaz.kz Армения қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде, Армения тарапынан екі әскери қызметкер қаза болып, бірнешеуі жараланған.

Арменияның қорғаныс министрлігі шекарадағы оқиғаға байланысты қосымша мәлімдеме жасайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, өткен дүйсенбіде Әзербайжанның әскери прокуратурасы Армения қарулы күштері Зангилан облысындағы мемлекеттік шекара қызметі әскерлерінің позицияларын атқылағаны туралы ақпарат таратқан. Салдарынан қатардағы жауынгер Парвиз Халилзаде жараланды.

Тегтер

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4