«35 жыл өтсе де, әлі көз алдымда»: Ауған соғысының ардагері естеліктерімен бөлісті

Кездесуге шақырылған ардагерлер әр жылдары және түрлі әскери бөлімдерде қызмет етті

Sarbaz.kz редакторы
13/02/2024 - 16:46

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуы қарсаңында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 63563 әскери бөлімінің әскери қызметшілері интернационалист-жауынгерлердің қатысуымен ерлік сабағын өткізді. Бұл туралы Sarbaz.kz қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуге «Жамбыл облысының жауынгер-интернационалистер одағы» ҚБ басшысы Керім Ізбасаров пен оның орынбасары Марат Төртбаев келді. Кешке ауған даласында от кешкен «Оңтүстік» ӨңҚ 63563 әскери бөлімінің ведомстволық күзет қызметкерлері Әріпжан Елубаев пен Бауыржан Атабеков та қатысты. Бұл күні олар медальдарын тағынып, әскери киімдерін киді. Әсте олар салтанатты киімге әуес емес, ал сол кездегі бастап өткен оқиғаларды еске алуға одан қиын.

Акт залында мүлгіген тыныштық орнады. Кездесуге қатысушылар Ауған соғысы ардагерлерінің естеліктерін ыждағатпен тыңдады. Осынша жұрттың назары көпшілік алдында сөйлеп үйренген Керім Ізбасаров пен Марат Төртбаевтың өздерін абдыратты.

– Қонақтарымызды асыға күттік, – деп түсіндірді 63563 әскери бөлімінің командирі подполковник Айдар Алайдар. – Жауынгерлік қақтығыстарға қатысқан адамдардың әңгімелерін есту кино көруден немесе сол оқиғалар туралы кітап оқудан гөрі берері мол. 

Кездесуге шақырылған ардагерлер әр жылдары және түрлі әскери бөлімдерде қызмет етті. Дегенмен жиналғандарға олар бір бөлімнің жауынгерлері сияқты көрінді. Себебі олардың жадында жатталып қалған – сарбаздардың батылдығы мен ерлігі, жауынгер жолдастарының жарақаттары мен қазасы, Отанға деген сағыныш пен өмір сүруге деген құштарлық естеліктері бірдей еді. 

– Кеңес контингенті Ауғанстаннан шығарылғаннан бері 35 жыл өтті, алайда кеше ғана болғандай көз алдымда, – деді өңірлік қоғамдық ұйымның басшысы Керім Ізбасаров. – Әскери қызметшілер Отан қорғау жолында жүргендіктен мұндай естеліктерді жақсы түсінеді. 

63563 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Денис Скуридинге де ауған тақырыбы таныс. Сол кезде ол небәрі бес жаста еді, алайда әскери қақтығыс кезінде қаза тапқан 14157 тікұшақ полкінің әскери қызметшісі болған ағасының қалай жерленгені әлі есінде. Оның пікірінше, мұндай кездесулер қаза тапқандарды ұмытпай, әскери қызметшілер сабақтастығы арасындағы байланысты нығайту ету үшін қажет.

×

Редакция

$ 523.17  550.06  4.93