Иордания королі: Израильдің Рафах қаласына шабуыл жасауына жол бермеуіміз керек

Осыған дейін Израиль Рафах қаласындағы Аш-Шабура ауданына соққы жасағанын хабарлаған

Sarbaz.kz редакторы
13/02/2024 - 15:56

Фото: РИА Новости

Фото: РИА Новости

Израильдің Палестинаның Рафах қаласын атқылауы кезекті гуманитарлық апатқа айналады. Бұл туралы Иордания королі Абдалла II Ақ үйде АҚШ президенті Джо Байденмен кездесуінен кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі РИА агенттігіне сілтеме жасап.

Иордания королі қазірдің өзінде миллионнан аса палестиналық адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатқанын айтып өтті.

«Біз Израильдің Рафах қаласына шабуыл жасауына жол бере алмаймыз. Бұл тағы бір гуманитарлық апатты тудыратыны сөзсіз. Соғыс басталғалы Рафах қаласына көшуге мәжбүр болған миллионнан астам адам қазір қиын жағдайда өмір сүріп жатыр», - деді король.

Ол қазіргі жағдайда палестиналық-израильдік қақтығыстың жалғасуына жол беріп, қарап отыру мүмкін емес деп қосты.

«Бұл соғысты тоқтату керек», - деп атап өтті Абдулла II.

Осыған дейін Израиль қорғаныс күштері Рафах қаласындағы Әл-Шабура ауданындағы нысандарға соққы бергенін мәлімдеген. Салдарынан аймақта қаза тапқандар саны 100-ге жетті, 230-дан астам адам жараланды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91