Осыған дейін де Украинаның бірнеше қаласында сарбаздарды демобилизациялауды талап ететін митингілер өткен
Қақтығыс аймағында жүрген украиналық әскерилердің отбасылары Киевтің орталық алаңына шығып, туыстарын демобилизациялауды талап етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі «Укринформ» агенттігіне сілтеме жасап.
«Тәуелсіздік алаңына Украинаның мемлекеттік тулары мен плакаттары бар ондаған адам жиналды», - деп жазады басылым.
Агенттіктің хабарлауынша, митингке қатысушылар «Жаңа бас қолбасшы – жаңа сарбаздар», «Батырлар құл емес» деген жазуы бар плакаттар ұстады. Бұған қоса, мобилизациялаудың мерзімі туралы заң қабылдауды талап етті.
Мұндай акциялар Украинада осыған дейін де ұйымдастырылған. Қаңтарда әскери қызметкерлердің отбасылары Украинаның бірнеше қаласында 18 айлық қызметтен кейін сарбаздарды демобилизациялауды талап етіп митингілер өткізген.
7 ақпанда Жоғарғы Рада «Украинаның кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметтің, мобилизациялаудың және әскери есепке алудың кейбір мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.
Үкімет бұл құжатты Радаға екі рет берді. Алғаш рет – 25 желтоқсанда. Бірінші нұсқа көптеген дау тудырып, 11 қаңтарда министрлер кабинеті жобаны қайта қарау үшін Рададан алып тастады. Ол жаңа нұсқаны 2024 жылдың 30 қаңтарында таныстырды. Ондағы кейбір келеңсіз нормалар жұмсартылды. Мысалы, әскерден жалтарушыларға қатысты шешімдерді (шоттарды бұғаттау, көлік жүргізуге және шетелге шығуға шектеу қою) әскери комиссарлар емес, соттар қабылдайды. Әйтпесе, күшейтулер мынадай болады: