Келер жылы киік санын реттеу қайта басталуы мүмкін екенін айтты
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киіктердің санын реттеуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
«Отандық ғалымдармен, халықаралық сарапшылармен кеңесіп, пікірталастан кейін киіктерді ату тоқтатылды. Сонымен қатар, қыс мезгілі болғандықтан далада көшіп-қону қиынға соғады. Сондықтан 10 ақпаннан бастап ақбөкендердің санын реттеуді тоқтаттық», – деді Нысанбаев.
Ол 10 ақпаннан кейін киіктерді ату заңсыз деп есептелетінін айтты. Олардың популяциясын реттеу бойынша жұмыс келер жылы жүргізіледі
Сөз арасында олардың саны тағы 40 пайызға артуы мүмкін деген болжам барын айтты.