Қаңтар оқиғасында қираған: Назарбаев ескерткішінің тұғыры алынып тасталды

Қала әкімдігі түсініктеме берді

Sarbaz.kz редакторы
12/02/2024 - 23:19

Көрнекі фото: Жетісу әкімдігінің баспасөз қызметі

Көрнекі фото: Жетісу әкімдігінің баспасөз қызметі

Талдықорған әкімдігі Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішінің тұғырын не себепті алып тастағандарын түсіндірді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Талдықорған қаласының орталық алаңында бұзылған ескерткіштің тұғыры қаланың сәулеттік келбетін қашырып тұрды. Осыған байланысты бөлшектеліп алынып, тасталды. Оны қалпына келтіру немесе оның орнына басқа да мәдени нысан салу жоспарда жоқ», - деп жауап берді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, ескерткіш 2022 жылы қаңтар оқиғасы кезінде қираған болатын.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91