Ағза донорлығы: марқұмның туысына ақы төлене ме?

Әлемде ағза донорлығының көрсеткіші бойынша АҚШ, Испания, Хорватия көш басында тұр

Sarbaz.kz редакторы
12/02/2024 - 22:58

Фото: AFP 2024 / Brendan Smialowski

Фото: AFP 2024 / Brendan Smialowski

Денсаулық сақтау министрлігі ағзасы донорлыққа берілген марқұмдардың туысына ақы төлеу мәселесіне байланысты түсініктеме берді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ағза донорының туысына өтемақы төлеу мәселесі ведомствоаралық деңгейде талқыланады. Өйткені бұл мәселе қаржылық, құқықтық және басқа да аспектілері қамтиды», - делінген хабарламада.

Осыған дейін ведомство Қазақстанда өлімнен кейінгі ағза донорлығы қалай дамығанын айтқан болатын.

«2019 жылға дейін жыл сайын өлімнен кейінгі ағза донорынан жасалған ағза алмастыру оталарының саны 86-ға дейін жетіп отырды. Әлемде өлімнен кейінгі ағза донорлығының көрсеткіші бойынша АҚШ, Испания, Хорватия елдері көш басында тұр. ТМД елдерінің ішінде Беларусь тізімнің алдында. Бұл елдерде өлімнен кейінгі ағза донорлығының көрсеткіші орта есеппен 1 млн адамға 31-ден келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық есебі бойынша, Қазақстанда бұл көрсеткіш — 0,021», — деп жазылған министрлік мәліметінде.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91