Финляндияның жаңа президенті: Путинмен саяси диалог жүргізудің мәні жоқ

Ол Финляндияның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі үш факторды атады

Sarbaz.kz редакторы
12/02/2024 - 22:29

Фото: Reuters

Фото: Reuters

Финляндияның жаңа сайланған президенті Александр Стубб Ресейдің Украинаға қарсы агрессивті соғысына байланысты Владимир Путинмен кездесудің мәні жоқ екенін айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ресей Украинаға қарсы агрессивті соғыс жүргізіп жатқанда Путинмен саяси диалог жүргізу қиын екені анық. Сондықтан мен онымен де, Ресейдің саяси басшылығымен де жақын арада байланыс орнатудың мәнін көріп тұрған жоқпын», – деді Стубб.

Сонымен қатар, жаңа президент Финляндияның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі үш факторды атады.

«Биыл қорғанысқа жұмсалатын қаржы жалпы ішкі өнімнің 2,3 пайызын құрайды. Екіншіден, НАТО мен ЕО-ға мүше болуымыз. Ресеймен 1340 шақырымдық шекарамыз осылай қорғалады. Үшіншіден, АҚШ-пен қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісіміміз. АҚШ – біздің жақын одақтасымыз. Бұл одақ ары қарай да жалғасады деп ойлаймын және сенемін», – деп атап өтті саясаткер.

Айта кетейік, бұрынғы премьер-министр және оңшыл-орталық ұлттық коалиция партиясының кандидаты Александр Стубб сайлауда 51,6 пайыз дауыс жинап, Финляндияның жаңа президенті болды. Ал оның қарсыласы Пекка Хаависто 48,4 пайыз дауыс жинады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91