Хуситтер Ұлыбританияға тиесілі кемені зымыранмен атқылады

Оқиға Моха қаласына таяу жерде болған

Sarbaz.kz редакторы
12/02/2024 - 21:58

Фото: Fotolia / robnaw

Фото: Fotolia / robnaw

Йеменнің Моха порты маңында Ұлыбританияға тиесілі кемеге шабуыл жасалды. Бұл туралы Ұлыбританияның Корольдік Әскери-теңіз күштерінің теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«UKMTO Йеменнің Моха қаласынан оңтүстікке қарай 40 теңіз миль (74,08 шақырым) қашықтықта болған оқиға туралы хабарлама алды. Капитан оның кемесіне екі зымыранмен шабуыл жасағанын хабарлады. Билік тергеу жүргізіп жатыр», - делінген агенттік әлеуметтік желідегі жазбасында.

Қаза болғандар мен жараланғандар туралы мәлімет әзірге белгісіз.

Айта кетейік, жуырда АҚШ пен Ұлыбританияның Йеменге жасаған әуе шабуылынан 17 хусит көз жұмған болатын.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91