Сынақтан және техникалық қабылдаудан өтті
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Қаныш Әбубәкіров Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіров атындағы Қарағанды авиабазасының ұшу құрамын оқытуға арналған жаңа тренажер кешенінің ашылуына қатысты. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жедел-тактикалық авиацияның жаңартылған Су-30СМ жаттықтыру кешені ұшқыштар мен авиация техниктері үшін сынақтан және техникалық қабылдаудан өтті.
Қорғаныс министрінің орынбасары Қаныш Әбубәкіров авиаторларды жаңа техникалық кешеннің толығуымен құттықтады.
– Қорғаныс ведомствосы ұшу құрамын сапалы оқытуға күш-жігерін салуда. Пайдалануға берілген жоғары технологиялық жаттықтыру кешені әскери ұшқыштарды даярлау үдерісін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді, – деді ол.
Тренажер үш сегменттен тұрады, атап айтқанда – ұшудың әртүрлі жағдайын модельдейтін маманның жұмыс орны, ұшқыштың жеке дайындық орны және Су-30СМ кабинасының имитаторы. Кешен экипажға пилотажды және әуе кемесін зақымдау үшін авиация құралдарын қолдану міндеттерін пысықтауға мүмкіндік береді. Пилоттық және штурмандық кабиналардың функционалдық жабдықталуы да кәдімгі ұшаққа ұқсас.
СУ-30 СМ тренажер кешенінде алғашқы ұшуды бақылау іс-шарасына қатысушыларға оның әртүрлі мүмкіндіктері мен артықшылықтарын бағалауға мүмкіндік берді.