Әскерилер қарлы боранда жоғалып кеткен баланы арнайы техникамен іздеді

8 жасар бала мал іздеу үшін шығып кеткен

Sarbaz.kz редакторы
12/02/2024 - 20:14

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қарулы күштердің әскери қызметшілері Абай облысында жоғалған баланы іздеуге атсалысты. Мерей Иманғали Аягөз қаласының маңынан табылды. Қатты боранның салдарынан адасып кеткен. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кейіннен қарлы боран басылғанда шамдарды байқап, ауылға қарай беттейді, сол сәтте іздеушілер де алдынан шыққан екен.

«Ең бастысы, бәрі жақсы аяқталды. Рухы берік, қиын жағдайдан шығудың жолын іздеуді жалғастырған сегіз жасар оқушының төзімділігіне құрмет көрсету керек», – деп атап өтті 10810 бөлімі командирінің тыл жөніндегі орынбасары майор Нұрбол Нұрқанов.

Полициядан, ТЖ қызметінен, еріктілерден және сын сағатта бей-жай қарамайтын азаматтардан өзге баланы іздеуге Аягөз гарнизонының 10810 әскери бөлімінің 10 әскери қызметшісі және жол талғамайтын арнайы техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, туыстарының айтуынша 8 жасар бала мал іздеу үшін таңертең сағат 10:00 шамасында атпен шығып кеткен.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.83  515.38  5.5