Елена Рыбакина Әбу-Дабиде өткен WTA 500 турнирінде жеңіске жетті

Ол финалда ресейлік теннисшіден басым түсті

Sarbaz.kz редакторы
12/02/2024 - 02:50

Фото: Қазақстан Теннис федерациясының баспасөз қызметі

Фото: Қазақстан Теннис федерациясының баспасөз қызметі

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Даби (ОАӘ) WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Отандасымыз финалда әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинаны жеңді.

Бүгінге дейін олар төрт мәрте кездескен. Есеп тең – 2:2.

Бірінші кезеңде Е.Рыбакина қарсыласына мүмкіндік қалдырған жоқ. Есеп: 6:1. Ал екіші сетте отандасымыз таразы басын теңестірді – 2:2.

Есеп 4:4 болған мезетте Рыбакина тағы бір брейк жасай алды – 5:4. Содан кейін матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:4.

Кездесу бір сағат 10 минутқа созылды. Матчта Елена 3 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды. Касаткина 5 брейк-пойнттың үшеуін құр жіберген жоқ.

Турнирдегі жеңісі үшін отандасымыз 142 000 доллар табыс тапты. Ол сондай-ақ 500 рейтингтік ұпай жинады және жаңартылған рейтингте WTA төртінші орынға ие болады.

Осылайша, биыл Елена Рыбакина WTA 500 жарысында екінші рет жеңімпаз атанды. Ол өткен айда Брисбенде (Аустралия) қарсылас шақ келтірмеген еді.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41