Зеленский УҚК жаңа бас қолбасшысының екі орынбасарын атады

Сырскийдің орынбасарлары болып полковник Сухаревский мен Лебеденко тағайындалды

Админ
11/02/2024 - 19:46

V_Zelenskiy_official / Telegram

V_Zelenskiy_official / Telegram

Украина Қарулы Күштерінің (УҚК) жаңа бас қолбасшысы Александр Сырскийдің орынбасарлары полковниктер Вадим Сухаревский мен Андрей Лебеденко болды, деп хабарлады Украина президенті Владимир Зеленский.

Оның айтуынша, Сухаревский дрондармен және оларды қолдануды дамытумен айналысады, ал Лебеденко армия мен жауынгерлік жүйелердің инновациялары мен технологиялық құрамдас бөлігімен жұмыс істейді. Зеленский УҚК-қа жаңа технологиялармен жұмыс істеудің нақты тәжірибесі қажет ететінін атап өтті.

Бас штабтың жаңа бастығы генерал-майор Анатолий Баргилевичтің орынбасарлары бригадалық генералдар Владимир Горбатюк, Алексей Шевченко және Михаил Драпатый болды. Горбатюк жедел жұмыспен, штабтарды жоспарлаумен және басқарумен, ал Шевченко логистикамен айналысады. Драпатый украин әскерінің сапалы жаттығуларына жауап береді.

Сондай-ақ Владимир Зеленский Александр Павлюкті Украина Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерінің қолбасшысы етіп тағайындады. Бұл лауазымды бұрын генерал-полковник Александр Сырский атқарған.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41