Германия: Рафахқа бағытталған шабуыл гуманитарлық апатқа әкелуі мүмкін

Германия СІМ басшысы Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласына Израиль жариялаған шабуылдың салдары туралы ескертті

Админ
11/02/2024 - 16:28

AFP 2024 / SAID KHATIB

AFP 2024 / SAID KHATIB

Германияның Сыртқы істер министрі Анналена Бербок (Annalena Baerbock) Израильдің Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласына шабуылының ықтимал салдары туралы ескертті, деп хабарлайды Sarbaz.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Аймақтағы қақтығыстан 1,3 миллион адам өте кішкентай жерге жасырынуға мәжбүр. Израиль армиясының Рафахқа шабуыл жасауы гуманитарлық апатқа әкелуі мүмкін. Себебі Газдағы адамдар бір мезетте ол жерден жоқ болып кете алмайды, - деп жазды ол Х әлеуметтік желісінде.

Германия СІМ басшысы Израильдің ХАМАС террорынан қорғану құқығын да атап өтті.

ХАМАС-тың қолына түскен адамдарды босату үшін қақтығыс пен екі жақты атысты тоқтатып, бейбіт шешімге келу қажет, – деп қосты ол.

Сонымен қатар Бербок Газа секторының оңтүстігіндегі гуманитарлық апаттың алдын алу мәселелерін талқылау үшін Израильге баратынын жариялады.

Айта кетейік, кеше Израиль Рафах қаласының маңына соққы жасаған болатын. 

×

Редакция

$ 478.93  534.96  5.16