НАТО-ның Бас хатшысы Ресеймен ұзақ жылдар бойы қарсыласуға дайындалуға шақырды

Столтенберг НАТО-ның әскери әлеуетін арттыруға шақырды

Админ
11/02/2024 - 15:09

AP Photo / Mindaugas Kulbis

AP Photo / Mindaugas Kulbis

НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг германиялық Welt газетіне сұхбат беріп, Альянс мүшелерін Ресеймен ұзақ жылдар бойы қарсыласуға дайындалуға шақырды.

НАТО Ресейге қарсы соғыс іздемейді. <...> Бірақ біз ондаған жылдарға созылуы мүмкін қарсыластыққа барынша қарулануымыз керек, — деді ол.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда ең жақсы қорғаныс – Украинаны қолдау және НАТО-ның әскери құрылымдарына инвестиция салу.

Ол үшін Столтенберг Украинаға жеткізіліп жатқан әскери техниканы ұлғайту және өз қорларын толықтыру үшін Альянс елдерінің өнеркәсіптік базасын тезірек кеңейту керек деп санайды.

Сондай-ақ Еуропалық қорғаныс компанияларына тапсырыстарды көбейту керек екенін мәлімдеді.

×

Редакция

$ 471.46  504.79  5.53