Украинаның снарядтар қоры 2024 жылдың наурызына дейін ғана жетеді

АҚШ көмегінсіз Украина Қарулы Күштерін (УҚК) биылғы жылы майдан шебінде тоқырау күтіп тұр

Админ
10/02/2024 - 21:27

Roman Pilipey / Getty Images

Roman Pilipey / Getty Images

Украиналық әуе қорғанысына арналған снарядтардың қоры тек 2024 жылдың наурызына дейін жетеді, деп жазады The New York Times газеті. 

Басылым Қарулы күштердің басшысы ауысқанымен, проблемалар өзгеріссіз қалғанын атап өтті. Генерал Александр Сырский қызметке кіріскеннен кейін қиын да ауыр жағдайға тап болуы мүмкін.

Газет ұсынған ақпаратқа сәйкес, Украина әскері шаршап-тозған, оларға қару-жарақ пен оқ-дәрі жетіспейді, ал әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері таусылып жатыр. Ал АҚШ-тың көмегі әлі де күмән тудырады.

Батыс шенеуніктері мен әскери сарапшылар АҚШ-тың көмегінсіз УҚК-ны биылғы жылы майдан шебінде тоқырау күтіп тұрғанын ескертеді.

 

Financial Times жазуынша, Украина артиллериялық оқ-дәрілердің тапшылығына тап болды. Америкалық және еуропалық шенеуніктердің айтуынша, АҚШ конгрессінің уақыт созуынан УҚК-ның жағдайы одан әлсіреп барады.

Ал АҚШ-та Украина үшін жаңа қару-жарақ келісімшарттарын қаржыландыруға, сондай-ақ Пентагон қорларын түгендеп, оларды толықтыруға қаражат таусылды.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85