Қорғаныс министрлігінің делегациясы шетелдік компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Сауд Арабиясындағы әскери-техникалық көрмеге қатысты, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Эр-Рияд қаласында өткен World Defence Show-2024 XV халықаралық қорғаныс көрмесінде министрдің қару-жарақ және әскери техника жөніндегі орынбасары генерал-майор Бақытбек Сыдықов бастаған ҚР Қорғаныс министрлігінің делегациясы шетелдік компаниялардың ұсыныстарымен танысты.
World Defence Show-2024 көрмесіне 45 елден 700-ден астам экспонент қатысты. Ұйымдастырушылардың дерегі бойынша, көрме павильондарына 65 мыңнан астам адам келген.
Көрме алаңдарында Қорғаныс министрлігінің делегациясы қару-жарақ пен әскери техника өндірісіне маманданған шетелдік компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.