Астанада коронавирус күшейіп тұр: бір аптада 25 адамнан анықталды

Қаңтар айында 74 жағдай тіркелді

Sarbaz.kz редакторы
09/02/2024 - 22:33

Фото: alfamed.info

Фото: alfamed.info

Астанада коронавирус індеті өршіп барады. 1-8 ақпан аралығында қалада КВИ жұқтырудың 25 жаңа жағдайы тіркелді. Өткен аптада 21 науқас анықталды. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Стационарға COVID-19 бар үш пациент жатқызылды, олардың жағдайы – орташа дәрежеде, қалғандары емдеу хаттамасына сәйкес амбулаториялық ем алады.

«Егер статистиканы қарайтын болсақ, желтоқсанда – 61, қаңтарда – 74 жағдай тіркелді. Соңғы апталарда 21 және 25 жағдайдан тіркеліп отыр. Яғни, желтоқсанда аптасына шамамен 13-15 жағдай болса, қаңтарда тіркелген науқастар саны 18 жағдайға артты. Ал ақпанда аздап өсім байқалып, аптасына 25 жағдайға дейін жетті.

Әуежайлар, теміржол вокзалдары, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚО, банктер секілді қоғамдық орындарда бетперде тағып жүрген жөн», - деді Сархат Бейсенова.

Айта кетейік, маска режимін қайта енгізу туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы жарияланған болатын.

×

Редакция

$ 499.51  525.83  4.62