Ресей мен Украина биыл үшінші рет тұтқындарын алмастырды

Оралған украиналықтардың бәрі – қатардағы жауынгер немесе сержант

Sarbaz.kz редакторы
09/02/2024 - 21:59

Фото: V_Zelenskiy_official / Telegram

Фото: V_Zelenskiy_official / Telegram

Ресей мен Украина биыл үшінші рет тұтқындарын алмастырды. Екі жақтан да 100 әскери қызметкер атамекеніне оралды. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі RBC басылымына сілтеме жасап.

Оралған украиналықтардың бәрі – қатардағы жауынгер немесе сержант. Олардың ішінде 49 ұлттық ұлан, 25 шекарашы, 26 Украина қарулы күштерінің әскери қызметкері бар. Сол сияқты Мариупольді қорғауға қатысқан 84 украиналық сарбаз оралды, деп хабарлады үйлестіру штабы.

«Кем дегенде 28 адамның жарақаты бар немесе ауыр күйде жеткізілген», - деп атап өтті үйлестіру штабы.

Ресей Қорғаныс министрлігі алмастырылған әскерилер медициналық мекемелерде емделу және оңалту үшін Мәскеуге жіберілетінін мәлімдеді.

«Босатылғандардың барлығына қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр», - делінген әскери ведомствоның хабарламасында.

Бұл алмасу Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейінгі 51-рет болды.

Айта кетейік, жуырда екі тарап 200-ге жуық әскери тұтқындарын алмастырған болатын.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91