Қамаудағы адамды азаптады деген күдікпен полицей қолға түсті

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда

Sarbaz.kz редакторы
09/02/2024 - 21:33

Фото: shutterstock.com

Фото: shutterstock.com

2023 жылдың қаңтарынан бастап азаптау туралы қылмыстық істерді тергеп-тексеру прокуратура органдарының айрықша тергеу ісі болып cаналады. Қылмыстық қудалау органдары қызметкерлерінің тарапынан азаптауға жол бермеу мақсатында прокурорлар тәулік бойы ақпараттық сайттарды бақылайды, уақытша ұстау изоляторын және құқық қорғау органдарының қызметтік ғимараттарын тексереді. Бұл туралы Sarbaz.kz Абай облысының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бейнебақылаудың жай-күйіне, оның жұмысқа жарамдылығы мен бейне жазбалардың сақталуына, сондай-ақ ғимараттардағы «соқыр аймақтарды» жоюға ерекше назар аударылады.

«Қылмыс жасағанын мойындату мақсатында азаптау, яғни ҚК-тің 146-бабының 3-бөлігі 1-тармағында (азаптаулар, яғни лауазымды адамның тән зардабын және (немесе) психикалық зардапты қасақана келтіруі) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Семей қаласы Орталық полиция бөлім қызметкерінің ұсталуы оның жарқын мысалы болып саналады.

26.01.2024 жылы Абай облысының прокуратурасы ҚПК-тің 128-бабына сәйкес күдіктіні Семей қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамады. Облыстың мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. ҚПК-тің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Тегтер

×

Редакция

$ 480.61  534.53  5.28