Ким Чен Ын: Оңтүстік Кореяны кез келген уақытта жойып жіберуге болады

Сеулге тағы да қоқан-лоққы жасады

Sarbaz.kz редакторы
09/02/2024 - 20:56

Фото: KCNA

Фото: KCNA

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын Оңтүстік Кореяны жойып жіберуге заңды құқығы бар екенін айтып, көршілес елді тағы да үрейлендірді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ким Чен Ын ел армиясының құрылған күнін атап өту кезінде Оңтүстік Кореяның «қуыршақтары» Пхеньянның ынтымақтасу әрекеттерін қабылдамай, қайта өзіне сіңіруге тырысып жатқанын айтты. Сол себепті Оңтүстік Кореяны басты жауы деп атауды дұрыс санайтынын айтты.

«Осыған сүйене отырып, кез келген уақытта шабуылдап, жойып жіберуге болады», - дейді Солтүстік Корея көшбасшысы.

KCNA агенттігінің хабарлауынша Солтүстік Корея парламенті Оңтүстік Кореямен экономикалық ынтымақтастық туралы заңдардың күшін жойып, көршілер арасында келіспеушілік туындағанын хабарлады.

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, жыл басынан бері Ким Чен Ын режимі Оңтүстік Кореяға қысым жасауды күшейтті. Қанатты зымырандарын сынап, Сеулге қарсы қоқан-лоққы жасады және Пхеньяндағы бірігу үмітін білдіретін ескерткішті бұзды.

Айта кетейік, өткен аптаның соңында Солтүстік Корея қанатты және зенитті зымырандарын сынақтан сәтті өткізген болатын.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91