Тағы да маска режимі: арнайы қаулы жарияланды

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы жарияланды

Sarbaz.kz редакторы
09/02/2024 - 17:57

Фото: Elements Envato

Фото: Elements Envato

Қазақстанда ауруханалар мен адам көп жиналатын орындарда маска режимі қайта енгізілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары медициналық ұйымдарда қызметкерлер мен келушілердің медициналық бетперде тағуын, антисептиктердің болуын қамтамасыз етсін», - делінген Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында.

Денсаулық сақтау министрлігі бетперде кию қызылша, коронавирустық инфекция, COVID-19, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың таралуын болдырмау үшін қажет екенін атап өтті.

Облыстардың, сол сияқты Алматы, Астана, Шымкент қалаларының әкімдіктеріне, орталық мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға адам көп жиналатын орындарда бетперде тағу ұсынылады. Бұл әуежайлар, вокзалдар, автовокзалдар, базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, банктер және басқалар, көліктің барлық түрінде – қоғамдық көлікте, әуеде, теміржолда.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07