Бүгінге дейін қақтығыс салдарынан 27,5 мыңға жуық палестиналық қаза болды
АҚШ президенті Джо Байден ХАМАС-тың шабуылына жауап ретінде Газа секторындағы Израильдің операциясын шамадан тыс әрекет деп санайтынын айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі РИА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Джо Байден журналистердің сұрақтарына жауап бергеннен кейін Таяу Шығыстағы проблемаларға тоқталып өтті.
«Израильдің Газадағы қарсы шабуылы тым шектен шықты», - деді Джо Байден.
Айта кетейік, ХАМАС пен Израиль арасындағы қанды қырғын 2023 жылдың 7 қазанында басталған. Бүгінге дейін қақтығыс салдарынан 27,5 мыңға жуық палестиналық қаза болды.
Қазақстан Палестинаға алғашқыда 1 млн доллар көлемінде көмек берген болатын. Кейінірек қосымша 38 тоннадан аса гуманитарлық көмек жіберілетіні хабарланған. Сол сияқты Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар отбасыларымен бірге Алматыға жеткізілген болатын.