Қазақстанда полицейлер халықаралық заңдарды сақтамайды – Қырғызстан СІМ

Бұл мәселені Қырғызстан парламентінің депутаты да көтерген

Sarbaz.kz редакторы
08/02/2024 - 22:31

Фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Қазақстанда кейбір полицейлер халықаралық заңдарды сақтамайды. Бұл туралы Қырғызстан сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі EurAsia Daily басылымына сілтеме жасап.

Осыған дейін Қырғызстан парламентінің депутаты Эмиль Токтошев Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар Қырғызстан азаматтарына отандық куәлікпен көлік жүргізуге тыйым салынып, оларды қазақстандық жүргізуші куәлігін алуға мәжбүрлейтінін айтқан. Ол мұны Қырғызстан мен Қазақстан қабылдаған жол қозғалысы туралы халықаралық конвенцияны бұзу деп атады.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі қазақстандық полицейлердің қырғыз азаматтарына жүргізуші куәлігін қазақстандық үлгіге айырбастауды ұсынатынын айтты.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Қазақстан тарапынан полицияға көрші елдің аумағында қырғыз құқығының жарамды екенін түсіндіруді сұрады.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85