Бұл АҚШ-тың да қауіпсіздігіне әсер етеді, дейді
НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Украина мен Ресей арасындағы соғыс туралы пікір білдірді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі EurAsia Daily басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Ресейдің жеңісі бізді әлсіретіп, Мәскеуді ғана емес, Қытайды, Иранды және Солтүстік Кореяны да жігерлендіреді. Бұл Еуропаның да, Американың да қауіпсіздігіне әсер етеді.
Мәскеу альянстың барлық мүше елдерді қорғауға қабілетті екеніне күмәнданбауы керек», - деді Йенс Столтенберг.
Ол сөзін жалғай отырып, АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанға қарата Украинаға көмек беруді сұрады.
Ол өз кезегінде «Ақ үй Украинаның АҚШ Конгресінің мақұлдауынан кейін көмек пакетін қамтамасыз ететінін» айтты.