«Топырақ ылғалданған»: Алматыдағы лай көшкінінің себебі анықталды

Апат орнынан 4 адамның мәйіті табылды

Sarbaz.kz редакторы
08/02/2024 - 21:28

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекеме мамандары Алматыдағы көшкіннің басты себебін анықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz аталмыш мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«8 ақпан түнгі сағат 02:20-да тау баурайының орта бөлігіне тартылған суық су құбырының жарылуы салдарынан топырақ ылғалданған. Кейін Алматы қаласы, Медеу ауданындағы Олимпийская көшесінде орналасқан «Тау-Самалы» ықшамауданындағы №3А және №3 жеке тұрғын үйлерді лай көшкіні басып қалды», - деп хабарлады «Қазселденқорғау» баспасөз қызметі.

Мекеме мамандарының айтуынша, жылжыманың көлемі – 3 200 текше метр. Бұл аймақтағы еңістің тіктігі шамамен – 45-50 градус.

Айта кетейік, 8 ақпан күні Медеу ауданының «Тау Самалы» шағын ауданында лай көшкіні болып, екі үйді басып қалды. Апат орнынан 4 адамның мәйіті табылды.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85