Жамбыл облысында шенеуніктер 210 млн теңге жымқырған

Сотпен бір күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолданған

Sarbaz.kz редакторы
08/02/2024 - 18:43

Фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Жамбыл облысының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бөлінген бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Меркі» тәжірибелік шаруашылық» ЖШС квазимемлекеттік мекемесінің бұрынғы басқарма төрағасы және оның орынбасары ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы нақты сатылмаған алма көшеттері үшін 209,9 млн теңге субсидия алған», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Аталған дерек бойынша Меркі ауданының прокуратурасы ҚК-тің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармақшасымен (алаяқтық) қылмыстық іс тіркеп, оны тергеп-тексеру облыс прокуратурасымен жүргізілуде.

«Сотпен бір күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берілсе, екіншісіне қатысты үй қамақ бұлтартпау шарасы қолданылды», - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, ҚПК-тің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91