Алматыда лай басып қалған жерден бір адамның денесі табылды

Алматы қаласы Медеу ауданының Тау-Самал шағын ауданында лай жүріп, екі үйді басып қалды

Sarbaz.kz редакторы
08/02/2024 - 17:58

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

Алматы қаласында Медеу ауданының Тау-Самал шағын ауданында лай басып қалған жерден бір адамның денесі табылды. Қалалық ТЖД мәліметінше, сағат 10:36-дағы ақпарат бойынша, лай көшкіні жүрген жерде жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта жеке тұрғын үйді лайдан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. Жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатыр. Туыстары мен көршілеріне жедел психологиялық көмек көрсетілді.

«Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен Республикалық жедел-құтқару жасағының күштері үйінді астынан бір ер адамның денесін тапты. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда», - деп хабарлады департаменттен.

Айта кетейік, Алматы қаласы Медеу ауданының Тау-Самал шағын ауданында лай жүріп, екі үйді басып қалды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91