«Мәжбүрлі жасауға болмайды»: жаңа министр міндетті ағза донорлығы туралы

Ағза донорлығын дамыту жұмысы кезең-кезеңімен жүргізілуі керек

Sarbaz.kz редакторы
08/02/2024 - 17:46

Фото: indicator.ru

Фото: indicator.ru

Жаңадан тағайындалған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елімізде өлімнен кейінгі міндетті донорлықты енгізу мәселесіне пікір білдірді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Kazinfom агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жалпы, Қазақстанда заң деңгейінде адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлық тәртібіне қатысты жұмыс реттелген. Дегенмен, бұл салада жетілдіретін тұстары бар шығар, бірақ ол тек заңнамалық базаға байланысты емес. Бұл жерде халықтың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімі өте үлкен мәселе. Атап айтқанда, осы саладағы мәселелерді егжей-тегжейлі пысықтаймыз», - деді А. Әлназарова.

Оның айтуынша, ағза донорлығын дамыту жұмысы кезең-кезеңімен жүргізілуі керек.

«Менің ойымша, халықтың өзі бұған дайын болуы керек. Біріншіден, мұны мәжбүрлі түрде жасауға болмайды. Біздегі заңнама ағза донорлығын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан аталған мәселелер бойынша тиісті қадамдар жасап, ақпараттық жұмыс және халықтың қолдауы арқылы осыны кезең-кезеңмен іске асыру керек», - деп қосты министр.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4