Құтқарушылар жолда қалған 100-ден астам шетелдікті құтқарып қалды

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖД, полиция бөлімінен және ЖАО 135 адамы және 67 техникасы қатысты

Sarbaz.kz редакторы
07/02/2024 - 23:52

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

ҚР ТЖМ 7 ақпан күні авариялық-құтқару жұмысы барысында 140 адам эвакуацияланып, 5 адам құтқарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Құтқарушылар Хромтау ауданында «Самара-Шымкент» автожолында сынған жолаушылар автобусынан құтқарушылар Тәжікстанның 68 азаматын эвакуациялады.

«Әйтеке би ауданында «Самара-Шымкент» автожолында жол бойындағы кемпингтен Қарабұтақ кентінің жылыту пунктіне дейін Өзбекстанның 56 азаматы бар «Ташкент-Мәскеу» бағыты бойынша шыққан жолаушылар автобусының қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖД, полиция бөлімінен және ЖАО 135 адамы және 67 техникасы жұмылдырылды.

Өзіңіздің және жақындарыңыздың өміріне қауіп төндірмеу үшін қыс мезгілінің қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз», - деп жазды ҚР ТЖМ.

×

Редакция

$ 485.11  523.82  5.02