Ресейдің КХДР-дағы елшісі пікір білдірді
Ресейдің Пхеньяндағы елшісі Александр Мацегора Солтүстік Корея мен АҚШ арасындағы жағдай туралы айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ресей елшісінің айтуынша, Солтүстік Кореяның АҚШ-пен соғыс бастауына ешқандай себеп жоқ, өйткені Пхеньян соғысты қаламайды. Ал егер соғыс басталса, АҚШ-тың бастамасымен ғана болуы мүмкін.
«КХДР соғысты қаламайды. Кореяда 2024 жыл бейбіт бола ма, әлде қарулы қақтығыс бола ма, ол толығымен америкалықтарға байланысты», - деді Александр Мацегора.
Сонымен бірге, елші өз сөзінде АҚШ аймақтағы арандатушылық әрекеттерін жалғастыра берсе, КХДР жаңа ядролық сынақ өткізу туралы шешім қабылдауы мүмкін екенін айтты.
Сонымен қатар, Александр Мацегора сөз арасында Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынның елдің Жоғарғы халық ассамблеясының сессиясында КХДР ешкімге соғыс ашпайтынын мәлімдегенін айтып өтті.