Апаттан ең көп зардап шеккен аймақ – Вальпараисо қаласы
Чилиде орман өртінен 130-дан астам адам қаза тауып, 300-ден астамы із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы Sarbaz.kz Құтқарушылар адамдарды іздеуді жалғастыруда.
Алапат өрттен 14 мыңнан аса үй қызыл жалынға оранған. Құрғақ ауа райы мен қатты желдің салдарынан өрт жылдам тарап жатыр.
Апаттан ең көп зардап шеккен аймақ – Вальпараисо қаласы. Мұнда төтенше жағдай режимі енгізілген.
Оны ауыздықтауға 1,5 мыңға жуық өрт сөндіруші жұмылдырылды. Оларға ел армиясы да көмектесіп жатыр. Апат аймағына әуеден ұшақтар мен тікұшақтар арқылы да су төгіліп жатыр. Бірақ құтқарушылар жағдайды бақылауында ала алмай отыр.
Айта кетейік, осыған дейін 40 белсенді өрт ошағы тіркелгені хабарланған болатын.