Қорғаныс министрінің орынбасары арнайы барып, аралап шықты
ҚР Қарулы Күштері Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Қаныш Әбубәкіров Приозерск гарнизонына қарасты 06708, 18405, 44841, 60601 әскери бөлімдерінің жағдайын тексерді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Басты мақсат – әскери қызметшілердің тыныс-тіршілгін өз көзімен көру.
Алдымен гарнизондағы екі модульдік үй-жайлардың жай-жапсарымен және отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздармен кездесті.
Гарнизонды аралау барысында Қорғаныс министрінің орынбасары әскери техникалардың, қару-жарақтың техникалық қызмет көрсету мен әскери қызметшілердің асханасына ерекше назар аударуын міндеттеді және жеке құрамға бірқатар тапсырма берді.