Армия спортшылары халықаралық турнирде «күміс» пен «қола» олжалады

Жарыста 30 елдің 600-ден аса спортшысы бақ сынады

Sarbaz.kz редакторы
07/02/2024 - 20:26

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Фуджайра қаласында таэквондодан Fujairah Open G2 халықаралық турнирі аяқталды. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жарыста 30 елдің 600-ден аса спортшысы бақ сынады. Қазақстандық таэквондистер төрт жас санатында жеңіске жету үшін сынға түсті.

Ақтық жекпе-жекте ҚР Қарулы күштерінің қызметшісі Жансель Дениз марокколық спортшыға есе жіберіп, екінші орынға ие болды. Турнир қорытындысы бойынша енді бір армиялық спортшы Бексұлтан Мұсахан қола жүлде еншіледі.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91