Қарағанды облысындағы әлеуметтік мекемеде 12 бала уланып, біреуі қайтыс болды

Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды

Ұлас Үсенбай
01/08/2023 - 17:30

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 12 бала уланып қалған, деп хабарлайды Sarbaz.kz облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Хабарламада 30 шілде күні екі бала өзін нашар сезініп, іші өтіп, құса бастағаны айтылған. 31 шілдеде осы мекеменің тағы 10 баласында осындай белгілер анықталып,  ауруханаға жатқызылған.

«Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, бір баланы құтқару мүмкін болмады. Бүгінгі таңда алты бала реанимацияда. Қалғандары дәрігерлердің бақылауында», - дейді Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ауруханаға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев барып, денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен және емдеуші дәрігерлермен жедел кеңес өткізді. Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Қылмыстық іс қозғалған, орталық директорының міндетін атқарушы жұмысынан шығарылды.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85