Қасым-Жомарт Тоқаев: Елді сумен қамтамасыз ету – ұлттық қауіпсіздік мәселесі

Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр

Sarbaz.kz редакторы
07/02/2024 - 18:07

Көрнекі фото: atpress.kz

Көрнекі фото: atpress.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында су мәселесіне кеңірек тоқталып өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Әсіресе, Түркістан және Қызылорда облыстарындағы жағдай мүшкіл, құрғақшылық қаупі аса жоғары. Соған қарамастан, осы аймақтарда тиісті жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ. Сондықтан, суды көп қажет ететін дақылдарды азайтып, құрғақшылыққа төзімді дақылдарды көбейту керек, су үнемдейтін технологияны енгізу қажет. Ахуалды жақсарту үшін батыл әрекет жасау керек.

Ең алдымен, су үнемдеу технологиясын кең ауқымда енгізген жөн. Шыны керек, біз суды тым орынсыз жұмсаймыз. «Судың да сұрауы бар». Бүкіл ел болып  суды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Көрші мемлекеттердің тәжірибесін зерттеп, тиімді тұстарын алу қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Президент сөз арасында суды үнемдеу мәселесін де қозғап өтті.

«Елді сумен қамтамасыз ету – аса маңызды міндет, ұлттық қауіпсіздік мәселесі деуге болады. Өнеркәсіпте, агросекторда, коммуналдық шаруашылықта, жалпы, барлық салада суды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше мән беру қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4