Мемлекет басшысы: Бүкіл әлем аса күрделі тарихи кезеңде өмір сүріп жатыр

Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр

Sarbaz.kz редакторы
07/02/2024 - 17:57

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында әлемдегі жағдайларға тоқталып өтіп, бүгінгі Қазақстанның жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Қазір бүкіл әлем аса күрделі тарихи кезеңде өмір сүріп жатыр. Осындай кезеңде мемлекеттердің көпжылдық даму бағдары айқындалады. Сондықтан, біз уақыт талабына сай болып, жылдам әрі батыл қимылдауымыз керек.

Жалаң сөзге уақыт кетірмей, нақты әрекет жасап, саяси жауапкершілік таныту қажет. Дәл қазіргі кезеңде әрбір күннің қадірін дұрыс түсініп, қолда бар мүмкіндікті дұрыс пайдалануымыз керек. Әйтпесе, жаһандық бәсекеге ілесу қиын болады», - деді Мемлекет басшысы.

Сөзін жалғай отырып, Үкімет айрықша құзыретке ие екенін атап өтті.

«Табысқа жету үшін мемлекет пен қоғам ортақ мүдде жолында әрдайым бірге болуы керек. Біз  өркениетті ұлт ретінде тек жарқын болашаққа ұмтылып, тек алға қарай қадам басуымыз қажет. Қазір Үкімет айрықша құзыретке ие болды. Осы мүмкіндікті дұрыс пайдалану керек. Шұғыл түрде тиісті шешімдерді қабылдау қажет», - деді Президент.

×

Редакция

$ 475.18  510.72  5.47