Алматы облысында заңсыз мигранттар анықталды

Олар заңсыз еңбек етіп жүрген

Sarbaz.kz редакторы
07/02/2024 - 09:37

Фото: Polisia.kz

Фото: Polisia.kz

Алматы облысының полициясы заңсыз еңбек етіп жүрген шетелдік азаматтарды анықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысы ПД экстремизмге қарсы іс- қимыл басқармасы мен көші-қон қызметі басқармасы қызметкерлері «Мигрант» жедел алдын алу шарасын өткізу кезінде Іле ауданы аумағында орналасқан қоқыс полигонынан Өзбекстан Республикасының 40 азаматы ұсталды. Тексеру кезінде олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмады.

«Көрші елдің азаматтары көші-қон заңнамасын бұза отырып, аталған қоқыс полигонында заңсыз еңбек еткен. Шетелдік азаматтар жеке басын анықтау үшін Іле ауданы ПБ-ға жеткізілді. Олардың жеке басы анықталғаннан кейін заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады», – деді Алматы облыстық полиция бастығы Бауыржан Әленов.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91