Суға батып бара жатқан баланы құтқарып, өзі қаза тапқан мұғалім «Айбын» орденімен марапатталды

Оқиға 12 шілде күні Шортанды көлінде болған

Sarbaz.kz редакторы
01/08/2023 - 16:43

Мемлекет басшысы қаза тапқан мұғалім Александр Руденконы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Sarbaz.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда  көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Астана қаласы әкімдігінің «№ 32 мектеп-гимназия» МКК алғашқы әскери дайындық  пәнінің мұғалімі Александр Иванович Руденко ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын (марқұм)», - делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, Александр Руденко 2023 жылдың 12 шілдесінде Шортанды көлінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып, өзі қаза тапқан еді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91