Түркияда қаруланған ер мен әйел сот ғимаратына шабуыл жасады

ІІМ олардың террорлық ұйымның мүшелері екенін мәлімдеді

Sarbaz.kz редакторы
06/02/2024 - 17:59

Фото: aa.com.tr

Фото: aa.com.tr

Ыстамбұлда Чаглаян аудандық сотының кіре берісіндегі қауіпсіздік бекетіне қарулы шабуыл жасалды. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликая Х әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, шабуыл жасаған ер мен әйелдің көзі жойылды. Алты адам зардап шекті, оның ішінде үш полиция қызметкері бар, деді министр.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша 11:46-да болған.

Министр шабуыл жасағандардың DHKP/C террорлық ұйымының мүшелері екенін айтты.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85